Nazarbayev University
Hiring now
Astana, KazakhstanFull-timePosted 6 weeks ago
Nazarbayev University
ApplyНазарбаев Университеті – Қазақстанның Астана қаласында орналасқан, білім беру және ғылыми зерттеулер арқылы ғылымды, инновацияны және академиялық жетістікті дамытуға ұмтылатын Орталық Азиядағы жетекші зерттеу университеті.
Стратегия және іске асыру офисі (SDO) стратегиялық жоспарлау, қызмет нәтижелілігін басқару, сапаны қамтамасыз ету, тәуекелдерді басқару және институционалдық зерттеулер бағыттары бойынша университет деңгейінде көшбасшылықты қамтамасыз етеді. Офис университеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге қолдау көрсетеді: стратегияны әзірлеу мен оның орындалуын мониторингтеу, халықаралық рейтингтер мен аккредиттеу үдерістерін үйлестіру, деректерге негізделген талдау мен сараптамалық қорытындылар ұсыну, сондай-ақ үздіксіз жетілдіру мен операциялық тиімділікті ілгерілетуге бағытталған институционалдық сапа жүйелерін дамыту және қадағалау арқылы.
Институционалдық зерттеулер және талдау жөніндегі директор университеттің деректер аналитикасын, институционалдық тиімділік және университеттің рейтингтердегі көрсеткіштері мен жаһандық абыройын арттыру саласында стратегиялық басшылықты жүзеге асырады. Осы басшылық лауазым стратегиялық жоспарлауды, сапаны қамтамасыз етуді, аккредиттеуді, ресурстарды бөлуді және үздіксіз жетілдіруді қолдау үшін деректерге негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Директор жоғары басшылықпен, мектептермен, әкімшілік бөлімшелермен, сапаны қамтамасыз ету топтарымен, IT қызметімен, қаржы департаментімен, қабылдау комиссиясымен және студенттермен жұмыс жүргізу қызметімен тығыз жұмыс істейді.
1) Институционалдық зерттеулер және стратегикалық аналитика
2) Университет рейтингтері
3) Стратегиялық тиімділікті басқару
4) Деректерді басқару (Data Governance) және сапасы
5) Аккредиттеу, сапаны қамтамасыз ету және сыртқы есептілік
6) Зерттеулер және секторлық аналитика (Sector Intelligence)
7) Басшылық және стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл
Бизнес және экономика, мемлекеттік саясат, статистика, компьютерлік ғылымдар, деректер туралы ғылым, білім беру және әлеуметтік ғылымдар сияқты бағытта оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін жоғары оқу орнынан алған магистр дәрежесі (докторлық дәрежеге артықшылық беріледі).
Кемінде 8 жыл (немесе тиісті салада докторлық дәрежесі барлар үшін 5 жыл) жұмыс өтілі, жоғары білім беру саласында, оның ішінде кемінде 4 жыл (докторлық дәрежесі барлар үшін екі жыл) адамдарды басқарумен және аналитикалық жобаларды іске асырумен байланысты лауазымдардағы жұмыс өтілі құпталады.
1) жоғары білім берудегі институционалдық зерттеулер мен аналитиканың рөлін жоғары деңгейде түсіну;
2) халықаралық аккредиттеу, бағалау, сараптама және рейтингтер туралы жан-жақты білім мен түсінік;
3) нақты мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық жобаларды, рәсімдерді және практикаларды әзірлеу мен енгізудің жоғары қабілеті;
4) сандық және сапалық зерттеу әдістері мен дизайны бойынша (сауалнамаларды әзірлеу мен жүргізуді қоса алғанда) терең білім мен тәжірибе;
5) деректерді (сандық және сапалық) талдау, нәтижелерді жинақтау, қорытынды жасау және Университет басшылығына нақты деректерге негізделген ұсынымдар беру бойынша жоғары қабілет;
6) академиялық бағдарламаларға сараптама жасау, сондай-ақ жоғары білім беру саласындағы саясаттар мен практикаларды бағалау және әзірлеу тәжірибесі;
7) өңірдегі және одан тыс жерлердегі заманауи халықаралық жоғары білім беруге қатысты стратегиялық мәселелерді білу және түсіну;
8) деректер аналитикасы мен визуализация саласындағы соңғы үрдістермен таныс болу;
9) жұмыскерлердің кәсіби даму қажеттіліктерін түсіну және команда ішінде де, одан тыс жерлерде де аналитикалық әлеуетті арттыру үшін оқыту бағдарламаларын әзірлеу қабілеті;
10) статистикалық пакеттерді (STATA, R және/немесе SPSS сияқты) және Microsoft Office бағдарламалар жиынтығын еркін пайдалану, сондай-ақ бағдарламалау тілдерін (SQL, Python немесе R сияқты) негізгі деңгейде білу;
11) жоғары білім беру саласындағы деректерді басқаруға қатысты этикалық стандарттарды білу және түсіну;
12) жоспарлау және ұйымдастырушылық дағдылар;
13) жобаларды және команданы басқару дағдылары;
14) тәлімгерлік және басқару (адамдарға ықпал ете білу) дағдылары;
15) ерекше аналитикалық қабілеттер, сыни/шығармашылық ойлау;
16) үздік коммуникативтік және презентациялық дағдылар;
17) егжей-тегжейлерге ерекше назар аудару;
18) әдептілік пен түсіністік;
19) әртүрлі командаларда және ортада жұмыс істеу қабілеті.
Тілдерді білуге қойылатын талаптар: Ағылшын тілін еркін меңгеру
Іріктеу және жұмысқа қабылдау үдерісі
Назарбаев Университетіндегі жұмысқа қабылдау және іріктеу үдерісі келесі кезеңдерді қамтиды: тәжірибесі мен біліктілігі негізінде алдын ала іріктеу, түрлі бағалау рәсімдері (мысалы, техникалық дағдылар мен құзыреттерді бағалау, қабілеттілік тестілері, тұлғалық қасиеттерді бағалау, жұмыс үлгілерін қарастыру, жағдайлық тапсырмалар және бейресми сұхбаттар), сондай-ақ үміткердің ынтасы мен қызығушылығын бағалау.
Ресми сұхбаттар іріктеу үдерісінің соңғы кезеңі болып табылады. Олар, әдетте, ұйымның құндылықтары мен мінез-құлық қағидаттарына негізделеді және ағылшын тілінде өткізіледі.
Сізге өз көзқарастарыңыз бен құндылықтарыңызды ашық бөлісу ұсынылады. Бұл олардың Назарбаев Университетінің негізгі құндылықтарымен қаншалықты үйлесетінін анықтауға мүмкіндік береді.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: бос орын жабылғанға дейін.
Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.
Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values to identify how they fit into Nazarbayev University core values